Осы арқылы “Астана-Инвест “инвестициялық үйі” АҚ (бұдан әрі – Компания) клиенттердің және өзге де мүдделі тұлғалардың назарына уәкілетті органның 01.07.2025 жылғы №04-1-14/33445 хатымен компанияға қатысты заңнаманы бұзушылықтарды жою жөніндегі тиісті іс-шаралар жоспарын дайындау қажеттілігімен жазбаша нұсқама түріндегі қадағалау ден қою шарасы қолданылғанын жеткізеді. Бұл бұзушылық “бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтердің түрлерін белгілеу туралы” Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі №80 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, ұйымдардың сақтауына міндетті пруденциалдық нормативтердің мәндерін есептеу қағидалары мен әдістемесін бекітуге байланысты туындады, бір эмитентке және оның үлестес тұлғаларына инвестициялар көлемі брокердің және (немесе) дилердің жиынтық өтімді активтерінің 20% – нан аспауы тиіс (өзгерістер 2025 жылғы 03 маусымнан бастап күшіне енді).