Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткен
«Астана-Инвест» Инвестициялық Үй» АҚ 30 мамыр 2024 жылғы
- акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және орны:
Күні: 30.05.2024 ж. уақыты: 11 сағат.00 мин. – 12 сағат.15 мин.
Орны: Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 5 үй, “Нұрлы Тау” БО, 1А блок, 2 қабат.
- акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер
- «Астана-Инвест» Инвестициялық Үй» АҚ-ның «ALMIR CONSULTING» ЖШС аудиторлық ұйымының есебімен бекітілген 2023 жыл жеке және біріктірілген қаржылық есептілігін бекіту туралы.
- «Астана-Инвест» Инвестициялық Үй» АҚ өткен 2023 қаржылық жыл бойынша таза табысын үлестіру және «Астана-Инвест» Инвестициялық Үй» АҚ-ның бір жай акциясына қатысты бір жылдағы дивидендінің мөлшері туралы.
- Акционерлердің «Астана-Инвест» Инвестициялық Үй» АҚ мен оның лауазымдық тұлғаларының іс-қимылдарына қатысты жүгінулерін қарастыру және оларды 2023 жыл қарастырудың қорытындысы туралы.
- «Астана-Инвест» Инвестициялық Үй» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының 2023 жылға арналған «Астана-Инвест» Инвестициялық Үй» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері мен атқарушы органы мүшелеріне сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпаратын қарау туралы.
- «Астана-Инвест» Инвестициялық Үй» АҚ мен оның еншілес ұйымы – Astana Invest Capital Inc. 2024 жылға аудитті жүзеге асыру үшін аудиторлық ұйымды белгілеу туралы.
- акционерлік қоғам акционерлерінің (қатысушыларының) жылдық жалпы жиналысында қабылданған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен
Бірінші сұрақ бойынша-бірауыздан:
«Астана-Инвест» Инвестициялық Үй» АҚ-ның «ALMIR CONSULTING» ЖШС-ның 2024 жылғы 29 наурызда аудиторлық есебімен расталған 2023 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін.
Екінші сұрақ бойынша-бірауыздан:
2023 жылдың қорытындысы бойынша шығынның болуына байланысты «Астана-Инвест» Инвестициялық Үй» АҚ-ның 2023 қаржы жылының қорытындысы бойынша жай акциялары бойынша дивидендтерді есептемеу және төлемеу және тиісінше «Астана-Инвест» Инвестициялық Үй» АҚ-ның бір жай акциясына есептегенде бір жылдағы дивиденд мөлшерін айқындамау.
Үшінші сұрақ бойынша-бірауыздан :
«Астана-Инвест» Инвестициялық Үй» АҚ мен оның лауазымды тұлғаларының 2023 жылғы іс-қимылына акционерлерден өтініштер жоқтығы туралы мәлімет назарға алынсын.
Төртінші сұрақ бойынша-бірауыздан:
«Астана-Инвест» Инвестициялық Үй» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің және атқарушы органының 2023 жылғы сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.
Бесінші сұрақ бойынша-бірауыздан:
«ALMIR CONSULTING» ЖШС «Астана-Инвест» Инвестициялық Үй» АҚ-ның 2024 жылғы аудитін жүзеге асыру үшін АХҚО-дағы «Астана-Инвест» Инвестициялық Үй» АҚ филиалы мен оның еншілес ұйымы – Astana Invest Capital Inc құрылымдық бөлімшесін ескере отырып, аудиторлық ұйым болып белгіленсін.